Халықаралық жастар күні

13 тамызда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың Халықыралық кітап секторы Халықаралық жастар күнін атап өтті, аталмыш күн жыл сайын жастардың әлемді дамыту мен құрудағы рөлін және олардың жолындағы күнделікті кездесетін мәселелерді еске салу мақсатында атап өтіледі.

Іс-шара онлайн форматта (ZOOM) өтті, оған Америкада болып, аудиторияға өз тәжірибелері туралы айтып берген Флекс алмасу бағдарламасының түлектері сияқты спикерлер шақырылды. Іс-шара барысында Access бағдарламасының оқушылары тыңдалды және Work and Travel бағдарламасы бойынша АҚШ-та болған спикерлер онлайн-әңгімені аяқтады. Қатысушылар пайдалы ақпараттан, адамдардың қызығушылығынан және жаңа мүмкіндіктерден шабыт алды.