«Кітапхана, кітап және мен – адал достармыз» атты ойын-сабақ

Бүгін  С.Баязитов атындағы балалар орталығында  «№1 арнайы кешен балабақша – мектеп – интернаты» тәрбиеленушілеріне  «Кітапхана, кітап және мен – адал достармыз» атты ойын-сабақ өтті. 1-5 сынып мектеп оқушылары кітапхананың жұмысымен, мерзімді басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктермен танысып шықты. Балалар «Қалаларды тап», «Бұл қай ертегі батыры», «Есімдерді іздейміз», «Жоғалған сөздерді  табу» сайыстарына белсене қатысты.

Жазғы алаңда кегльмен, доппен ойнау, жіппен секіру, бадминтоннан түрлі жарыстар, эстафеталар өтті.

«Балдырған» аймағында балалар сурет салып, пазлдар жинады. Инклюзивті ойын сабақ көңілді және қызықты өтті. Жас оқырмандарға кітапханада өте қызықты болды.