«Иммунитет» онлайн дәрісі

7 сәуір күні жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтіледі. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Қызықты сұхбат» жобасының аясында бұл күні бірқатар іс-шаралар өткізді. Олардың бірі «Айтолқын» лекторийі шеңберінде өткізілген «Иммунитет» тақырыбындағы онлайн-дәріс. Иммунитеттің түрлері, оны бала дүниеге келген сәттен бастап күшейту қажеттілігі туралы дәрісті педиатр, Павлодар облысының педиатрлар қауымдастығының мүшесі Аубакирова Нұржамал Талғатқызы ұсынды.

Онлайн-дәріс кітапхананың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған.