Информатика саласындағы білім апталығы

14 желтоқсан күні Maker Space ғылыми зертханасында "Менің IT саласындағы тәжірибем, білім алу жүйесі арқылы индустрияға ену" тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның спикері еуразия онлайн банкінде қызмет ететін, тәжірибесі мол мәскеулік әзірлеуші Иван Некипелов болды. Сонымен қатар @american_corner_pavlodar Инстаграм аккаунтында аталған семинардың онлайн трансляциясы жүргізілді.

Қатысушы көрермендер өздерін толғандыратын көптеген сауалдарына нақты әрі тұшымды жауаптарын алды.