Инсайт-сессия «Кітапханашы мамандығының рембрендингы»

21 мамырда облыстық кітапхананың бастамасымен Zoom платформасында «Кітапханашы мамандығының рембрендингы» тақырып бойынша инсайт-сессиясы өткізілді. Іс-шара С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана құрылғанының 125 жылдығына және Қазақстандағы мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылған. Онлайн-кездесу барысында қатысушылар (көпшілік және білім беру кітапханаларының қызметкерлері, колледждер мен университеттерде оқитын студенттер мен магистранттар және оқытушылар) бейресми атмосферада тәжірибе алмасып, пассивті тыңдаушылардан ұйымдастырушыға айналды.