Жас педагогтар бақ сынады

Бүгін облыстық кітапханада «MI TREND» интеллектуалды сайысының іріктеу турының екінші кездесуі өтті. Бұл жолы ойын білім беру саласының жас мамандарынан жиналған командалар– атап айтқанда Баянауыл ауданының М.Әуезов атындағы мектеп мұғалімдерінің «Үздіктер» командасы, Ақсу қаласының «Жалын» мектеп мұғалімдерінің құрама командасы, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімдері - «NewZhastar», Қ.Бекхожин атындағы мектеп мұғалімдері «КереметMix» және Павлодар ауданы Кемеңгер орта мектебінің мұғалімдері «Кемеңгер» командалары арасында өтті. Іріктеудің 4 кезеңінен өтіп, «КереметMix» командасы финалға жолдама алды. Жас педагогтар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, музыкалық нөмір сыйлады.