«Ғалым. Ұстаз. Ақын» атты тарих конференциясы

Кітапханада өлкетанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қырықбай Алдабергеновке арналған «Ғалым. Ұстаз. Ақын» атты тарихи конференциясы өтті.

Қырықбай Мазанұлы қазақ халқының рухани мұрасын сақтауға, өлкетану жұмысына, өңірлік журналистиканы дамытуда елеулі үлес қосты.

Торайғыров университетінде журналистика кафедрасының меңгерушісі ретінде маман даярлауда көп күш жұмсады. Ол «Жоғары мектептің үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, С.Торайғыров атындағы алтын медаль мен Шәкәрім атындағы медальдің иегері.

Шараға ф.ғ.к. Қырықбай Алдабергеновтың әйелі, Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығын зерттеуші Бақыт Баткеева, С.Торайғыров, Ә. Марғұлан атындағы университеттерінің профессорлары, тарихшылары, өлкетанушылар, журналистер, студенттер, оқушылар қатысты.