Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Оқырман кітап іздейді» атты облыстық жобаның қорытындысы

Балалар оқуы - ұлттық руханияттың, интеллектің және мәдениеттің маңызды перспективаларының бірі болып келеді. Балалардың кітап мәдениеті әлеміне бейімделу процесі қалай жүретіні ерекше маңызды. Балаларға сауаттылық пен дамудың негізгі қайнар көзі болып қалу үшін кітаптардың маңыздылығы және кітапты қалай ұсыну керек - бұл балалар кітапханалары қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

2022 жылдың наурыз-қараша айлары аралығында облыс кітапханалары арасында «Оқырман кітап іздейді» атты балалар жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты: үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру және дамыту. Жобаға қатысушылар - мектеп оқушылары, педагогтар, ата-аналар, балабақшаның аға топтары, кітапхана мамандары.

Жоба аясында 1000-ға жуық іс-шаралар өткізіліп, оған 20000-ң аса бала қатысты.