«Рухани қазына-2022» республикалық фестивалінің қорытындысы

Түркістанда өткен «Рухани қазына-2022» республикалық фестивалінде павлодарлық мәдениет саласының өкілдері аймақ намысын абыроймен қорғады. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «ҮЗДІК ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР КІТАПХАНА» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени сауық орталығы да аталған байқауда топ жарды. Жеңімпаз ұжымдар 1 000 000 теңгелік сертификатпен мараратталды.

«Дипломмен - ауылға» арнайы бағдарламасы бойынша келген мәдениет ұйымының үздік жас маманы музейлер арасында аталымы бойынша шарбақтылық Александр Бухайдзенің мерейі үстем болды.

Осымен 5 жыл қатарынан өткізілген доданың ауқымы жыл санап артып келеді. Мәселен, байқауға бір ғана кітапхана саласы бойынша 125 өтінім келіп түскен.