«Happy English» тіл мектебінің қорытынды сабағы

18 тамызда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында (6 мен 12 жас аралығындағы балаларға арналған) «Happy English» тіл мектебінің қорытынды сабағы өтті.

Сабақтар жазғы оқу бағдарламасы аясында өткізілді. Жаз мезгілінің үш айында, аптасына екі рет балалар мектепте алған білімдерін толықтырып, сөйлеу, әңгіме құрау дағдыларын дамытты. Әр сабақ әртүрлі тақырып бойынша жүргізілді. Оқушылардың сөздік қорын молайту, шығармашылық әлеуетін таныту: қиялдау, ойлау қабілетін дамыту мақсатында олармен белсенді ойындар, әңгіме құру, сөзжұмбақ ойыны, оқу, тыңдау, жазу жұмыстары жүргізілді.

Әр оқушының қол жеткізген нәтижелері бойынша сертификаттар тапсырылды.