«Июльский урожай» дәмді жемістер көрмесі

8 шілде күні облыстық кітапханада «Наш очаг» клубының кезекті отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы: «Июльский урожай» дәмді жемістер көрмесі. Зоя Николаевна Давыдованың басқаруымен, бағбаншылар өз саяжайларында өсірген жеміс- жидектер мен көкөніс дақылдарының дәмді түрлерін әкелді. Бұл көрмеде көріп қана қоймай, сонымен қатар дәмдік қасиеттерді бағалауға, сорттарды салыстыруға мүмкіндік алып, өз ойларымен бөлісті. Шетелдік және жергілікті жемістердің түрлері жидек, құлпынай, қызыл және қара қарақат, таңқурай, ырғыз, қара және жасыл жүзім, бұршақ, шалғамның дәмі тексеріліп, баллдық жүйеде бағаланды. Бағбаншылар осы жылғы өнімдерінен алған әсерлерімен бөлісіп, әдемі әңгіме дүкен құрды. Кезекті отырысқа күннің ыстығы мен шаршағандарына қарамастан келген бағбаншылар  саяжайдағы жұмыстың алдағы уақытқа жоспарларын әзірлеп қойды.