«Известные корейцы Республики Казахстан» кітабының тұсаукесері

2021 жылдың 23 желтоқсанында облыстық кітапханада Павлодар облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Афанасьева Раиса Самсоновнаның бастамасымен «Известные корейцы Республики Казахстан» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапта саясат, ғылым, білім, медицина, мәдениет, спорт сияқты түрлі салалардағы кәсібилігі, таланты мен еңбекқорлығының арқасында көрнекті өмірлік табыстарға қол жеткізген корей диаспорасы арасынан шыққан танымал адамдар туралы очерктер берілген. Бұл кітап - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық кезеңіндегі кәрістер тарихының жылнамасы. Іс-шараға Успенка және Павлодар аудандары кәрістердің этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері Александр Иванович Ви және Шин Светлана Гир - Соновна қатысты. Этномәдени бірлестік өкілдері «Қамажай» қазақ биін және «Туруми» корей биін билеп, «Мен қазақпын», «Ури омони» әндерін шырқады.

Іс – шараға №7 мектеп және дарынды балаларға арналған №8 лицей оқушылары қатысты.