Ұлы Абайдың 175 жылдығына

10 тамыз ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, гуманист, философ, композитор, аудармашы, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 175 жыл.

Мерейтой қарсаңында облыстық кітапхана ұжымы ақынның шығармаларына арналған стенд орнатты. Кітапхана ғимаратының алдындағы ашық алаңға қойылған стеллаж ә дегеннен-ақ қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды.

Мұнда ақынның шығармалар топтамасы ұсынылған. «Даналық дәрістері», «Слова назидания», «Қалың елім қазағым», «Шығармалары», «Өлеңдер, поэмалар», «Избранные» атты кітаптардың QR-коды ұсынылған. Сонымен қатар хакімнің қара сөздерінен тұратын кітапшалар да қойылған.