Сарапшылар Павлодарлық мектеп оқушыларымен бірге киберкеңістікте қалай қорғануға болатынын талқылады

2 қараша күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында №9 мектеп-гимназиясы және басқа да мектеп оқушыларының қатысуымен арнайы тренинг өтті.

Тренинг барысында балалар өздерінің құпия сөздерің сенімділігін тексерді, цифрлық іздің не екенін білді, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері мен қауіптілігін талқылады. Соңында оқушылар телефон алаяқтарын ойын түрінде әшкерелеп, өздерінің киберқауіпсіздікке байланысты оқиғаларымен бөлісті.

Тренерлер: Павлодар медиасауаттылық үйінің сарапшылары – Торайғыров университетінің аға оқытушысы Марал Айтмағамбетова және Евгений Хабаров. @maralaitm @evgen_hb

Жоба USAID қолдауымен Internews Орталық Азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.