Күзгі демалыс кітапханада

 Күзгі демалыста қала мектеп оқушылары С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығына барды. «Кітапханадағы күзгі түстер» танымдық-ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.

№ 9, 41,11,42,15 мектеп оқушылары кітапхананың қызметімен танысып, «Қоршаған орта және оны қорғау» танымдық ойынына қатысты. Танымдық ойын барысында балалар блиц-сұрақтарға жауап берді, кітап көрмесіне қойылған кітаптарды пайдаланып ребустарды шешіп, жұмбақтардың жауабын тапты.

Одан әрі алдын ала келісім бойынша №41 мектеп оқушылары үшін «Қаз қонақ» атты палеонтологиялық табиғат ескерткішіне бару ұйымдастырылды, ал №9 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары үшін медиа сауаттылық сабағы өткізілді.