«Кәсіби шеберлік мектебі»

24 қарашада «Кәсіби шеберлік мектебі» аясында жас мамандарға кезекті оқыту өткізілді. Оқудың тақырыбы - Web-Рабис бағдарламасы. «Кітап қорын толықтыру» модулі жайлы болды. Кітапханашы мамандығы үшін кәсіби біліммен қатар, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру қазірғы цифрлық заман талабы. Облыс кітапханалары өз жұмыстарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда. Соның бірі - Отандық Web-Рабис бағдарламасы. Бұл бағдарлама кітапхана ісін автоматтындырып қана қоймай, ақпаратты жедел іздестіру мен оқырманның уақытын тиімді жұмсауға септігін тигізуде.

Жас мамандар теориялық білімді ғана алып қоймай практикалық түрде кітаптарды өңдеу жұмысымен шұғылданып, технологиялық процестерді игерді. Сонымен қатар осы модуль жұмысы жайлы көп сұрақтарға жауап алды.

Оқуға барлығы 12 адам қатысты.