«Қасірет құрбандарына – мәңгілік тағзым» онлайн – көрме

31 мамыр - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. «Қасірет құрбандарына – мәңгілік тағзым» атты онлайн – көрме осы қасіретті күнге арналған. Көрмеде облыстық кітапхананың қорындағы  кітаптар көрсетілген. «Азалы кітап»-та Павлодар облысында атылғандардың тізімі берілген. «Страницы трагических судеб»  жинағына саяси қуғын-сүргін құрбандары жайында олардың туыстарының естеліктері енгізілген. Көрмеде   «Алаш жолы», «Ғаламат жұт шежіресі», «Из истории депортаций», «Сұрапыл жылдар» кітаптары қойылды. Онда саяси қуғын-сүргін көрген  «Алаш» партиясы қайраткерлерінің еңбектері, Қазақстанға жер аударылған адамдар, ашаршылық туралы берілген.