"Кәсібилік даму – кітапханаларды жаңғыртудың талабы" онлайн-кездесу

Қоғамның объективті дамуына байланысты кітапханалардың кәсіби деңгейі жоғары, өзгеретін ортада жүре алатын және жаңа білімді игеруге ұмтылатын жаңа мамандарға деген қажеттілік туындауда. 24 қарашада С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы 125 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан өңірлерінің кітапхана мамандарымен "Білікті мамандар – Павлодар облысы кітапханаларын жаңғыртудың шарты ретінде" тақырыбында онлайн-кездесу өткізді. Спикерлер ретінде ҚР Ұлттық кітапханасының (Алматы қ.) және А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан ОӘҒК (Өскемен қ.) басшылары сөз сөйледі.

С.Торайғыров атындағы ОӘҒК басшысы Шолпан Шахметова қатысушыларға құттықтау сөз жолдап, қазіргі жағдайда кітапханаларда қайталанбас өзгерістер болуы мүмкін екендігін айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының - Еліміздегі кітапхана мамандарының біліктілігін арттыруға арналған білім беру алаңы ретіндегі қызметі, республика кітапханаларына ғылыми - әдістемелік көмек көрсету, мамандардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру жайлы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, қазақстандық кітапханалар Одағының төрайымы Бақытжамал Оспанова айтып берді (Алматы қ.). Ұлттық кітапхана Қазақстан кітапханаларының ең ірі ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы кітапханашыларының үздіксіз білім алу тәжірибесімен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Бибігүл Шагиева бөлісті (Өскемен қаласы). Білікті мамандар - кез келген кітапхананың табысты дамуының кепілі. Өзін-өзі тәрбиелеудің үлкен әлеуеті, әдетте, әр қызметкерге тән, оны дұрыс ынталандыру қажет. С.Торайғыров атындағы ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің (ОРБ) басшысы Айнагүл Жылқыбекова "Білікті мамандар – Павлодар облысы кітапханаларын жаңғыртудың шарты ретінде" баяндамасында аймақ кітапханалары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа нысандарын, кәсіби шеберлігін әзірлеу және енгізу бойынша әдістемелік қызметтің бағыты, оның ішінде "Павлодар облысының ауылдық кітапханашыларына арналған кәсіби шеберлік мектебінің" жұмысы туралы айтып берді. Конференция жұмысына барлығы 100-ге жуық кітапхана қызметкерлері қатысты.