«Қайырымдылық марафоны» акциясы

25 қазан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызмткерлері «Қайырымдылық марафоны» акциясы аясында «Павлодар облысындағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы медициналық-әлеуметтік мекемесіне» кітаптарды сыйға берді. Барлығы 200 кітап, оның ішінде шетел және орыс классиктері мен қазіргі авторлардың әдебиеттерін оқуға болады.