«Қазақ халқының ұлы ақыны» атты тақырыптық сағат

5 тамыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана алдында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия интернаты оқушыларының қатысуымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  «Қазақ халқының ұлы ақыны» атты тақырыптық сағат өтті. Кітапхана қызметкері Салтанат Жангазинова оқушыларға ақынның өмір жолы, шығармашылығы жайлы баяндап берді. Сондай-ақ, кітапханамызда өткізіліп атқан «Ұлттық қазына», «Абай әлем тілдерінде», «Жыр мен жыршы» сияқты онлайн, сондай-ақ, Абай өлеңдеріне арналған   конкурстар жайында толығырақ мәлімет берді. Айта кетейік, іс шара, кітапхана ғимараты алдына тұрған  кітаптарға толы стеллаж жанында өтті. Тақырыптық сағат соңында оқушылар «Ашық кітапхана» жобасы негізінде стеллаждағы кітаптармен танысып, естілікке суретке түсті.