«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Павлодар облыстық филиалының мамандарымен онлайн кездесу

19 қараша күні облыстық кітапханада «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ПОФ-ғы  бизнесті дамыту бөлімінің мамандары Алтынай Қадырқызы Ибраева және Арман Жұмалыұлы Сағалбаевпен онлайн-кездесу өтті. Кітапхананың Facebook – аккаунтында эфир кезінде көрермендер тұрғын үй сатып алуға несие беру бағдарламалары, тұрғын үй алаңын кеңейту және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша ең өзекті сұрақтарға жауап алды.

.