«Қазіргі заман әлеміндегі бойжеткен қыз» психологиялық тренингі

23 қаңтарда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ПМПУ педколледжінің қатысуымен «Айтолқын» клубының кезекті сабағы өтті. «Қазіргі заман әлеміндегі бойжеткен қыз» психологиялық тренингі этикалық әңгіме формасында болды.

Әңгіме барысында бейне презентациялар қолданылды. Қатысушылар әдептіліктің негізгі ережелерімен танысып, қоғамда, әртүрлі өмірлік жағдайларда өзін- өзі қалай ұстауға, жақсы талғам қалыптастыруға үйренді.

Шара соңында «Этика – рухани сұлулық» кітап көрмесіне шолу жасалды.