"Қазына іздеу" квест ойыны

Partyum лагеріндегі балаларға арналған С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері "Қазына іздеуде"квест – ойынын өткізді. Балалар қарақшы Джекпен бірге қазына іздеді.

Ойын барысында балалар қазынаны табу үшін әр түрлі тапсырмаларды (логикалық, іздеу) шешіп, кезең-кезеңімен жүрді. Балалар тапқырлық, байқағыштық танытты.

Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін балалар тәтті тағам түріндегі қазынаны тапты. Балаларға ойын өте ұнады! Қарақшы Джек табылған қазына үшін медальдар берді.