«Келіндер» клубының алғашқы отырысы.

3 наурыз күні облыстық кітапханада аяулы жар, ибалы келіндерден құралған «Келіндер» клубы ашылды. Бұл тәрбиелік мағынасы зор «Ене мен келін» жобасының жалғасы болмақ. Әлеуметтік желіде көріп тамашалаған көрермендердің сұрауы бойынша ашылған келіндер клубының алғашқы отырысы «Ана әлемдегі асыл жан» тақырыбында өтті. Болашақ жас қыздарға ақыл-кеңес беру, шаңырақтың татулығын көрсету мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараға көп балалы келін Мускенова Әлпеш, Қантарбаева Нұргүл, «Мейірім» келіндер клубының мүшесі Абдыгалимова Айман мен Шолпан, Мұсаева Гүлнар және де облыстық кітапхана ұжымындағы келіндер мен жас қыздар қатысты.

Іс-шара барысында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ене мен келін арасындағы сыйластық тақырыбында сөз қозғалды. 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған кеш әнмен жалғасты.