«Кеңес заманындағы академик С. Бейсембаевтың өмірі мен қызметі» атты дәріс

2022 жылдың 12 сәуірінен бастап С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ППУ-нің Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушылары ашық дәрістер цикілін өткізе бастады.

13 сәуірде тарих ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық университетінің доценті Әйткенов Зият Шайманұлы тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Серікбай Бейсембайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Кеңес заманындағы академик С.Бейсембаевтың өмірі мен қызметі» тақырыбында техникалық қызмет колледжінің студенттеріне дәріс оқыды.

Зият Шайманұлы кітапханаға сыйлық ретінде «Академик С.Бейсембаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі» атты монографиясын ұсынды.