«Киберқауіпсіздік» тақырыбындағы онлайн-воркшоп

29 қыркүйек күні облыстық кітапхананың халықаралық кітап секторында «Киберқауіпсіздік» тақырыбында онлайн-воркшоп өтті. Іс-шара халықаралық ақпараттық қауіпсіздік күніне орайластырылған. Онлайн іс-шараға колледж студенттері, болашақ бағдарламашылар қатысты.  Олар дербес компьютерде ақпаратты қалай қауіпсіз пайдалану және қауіпсіз сақтау керектігі туралы білді. Спикер - оқытушы-бағдарламашы, Америка бұрышының еріктісі Владимир Маликов. Ол дербес компьютерлер мен электрондық ақпарат тасығыштардың қандай тәсілдермен бұзылатынын, дербес деректерді жоғалтудан қалай сақтану керектігін айтып берді. Көрермендер қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. В.Маликов бұзақыны жазалау туралы, инкогнито режимі туралы, қандай жеке ақпарат барлығына қолжетімді бола алады деген сұрақтарға жауап берді. Іс-шара киберқауіпсіздік және сақтық шаралары туралы толығырақ білуге мүмкіндік берді, бұл болашақта электрондық ресурстарды пайдаланушылар арасында қырағылықты арттыруға мүмкіндік береді.