Киноклубтың кезекті отырысы

10 маусым күні креативті шығармашылық орталығында жақында өз жұмысын бастаған кино киноклубтың отырысы өтті. Клуб мүшелерінің қатарын журналист Ковалев Федор және кинорежиссер Молдығұлов Ерлан толықтырды. Бұл жолы қатысушылар алдағы айға арналған жұмыс жоспарын талқылап, киноклубтың ережелерін бекітті.

Құрметті оқырмандар, Сіздерді клуб мүшелерінің қатарына қосылуға шақырамыз. Клубқа 16 жастан асқан адам мүше бола алады.

Кинокездесулер айына екі рет, жұма күндер ұйымдастырылады. Кездесулер өмірлік тәжірибемізді кеңейту және байыту, фильмдерді көркемдік қабылдауды дамыту, мәдени ағарту, сондай-ақ тамаша уақыт өткізу мақсатында өтеді.