«Елбасы жолы» кинокөрсетілімі

24 қарашада С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында кітапхана оқырмандарына Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы жолы» киноэпопеясы және ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы туралы режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі көрсетілді.

Аталған көркем фильм Нұрсұлтан Әбішұлы жазған кітаптардың желісі бойынша түсірілген және мемлекет басшысының өмірінен шынайы оқиғаларды бейнелейді. Фильмде кейіпкердің тұлғасы мен мінезінің қалыптасуы, оның алғашқы жеңістері, үміттері мен орындалған армандары туралы айтылады.

Кинокөрсетілім соңында оқырмандар өз әсерлерімен бөлісті.