«Кітапханадағы детективтер» әдеби квесті

Бүгін Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Кітапханадағы детективтер» атты әдеби квест шарасы өткізілді. Із кесушілер рөлін М.Катаев атындағы оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясына қатысушы - № 7, 16, 17, 18 ЖОББМ оқушылары сомдады. Іс-шара барысында бірнеше тапсырма орындалды: «Құпия нысандарын табыңыз», «Қараңыз, жаңылмаңыз», «Саусақ іздерін табыңыз», «Фоторобот жасаңыз», «Біз із кесушілерміз» әдеби викторинасы. Белсенділік пен қырағылықты қамтыған қызықты квест шарасы балаларға көңілді және танымды болды.