«Кітапханаға кітап сыйла! Подари библиотеке книгу!» акциясы

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, күнтізбедегі жаңа енгізілген мерекелердің біріне жатады. Бұл мереке кітапты өзі сүйіп қана қоймай, басқа адамдарға оқуға мүмкіндік беретіндердің барлығын біріктіреді. 2019 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мереке аясында жыл сайын «Кітапханаға кітап сыйла! Подари библиотеке книгу!» акциясын өткізеді.

Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Тілеуберді Сахаба жеке кітапханасынан 30-дан астам кітап сыйға тартты. Біздің жерлесіміз Николай Новодворский кітапханаға рок-музыка туралы кітаптарды сыйға тартты. Санкт-Петербург тұрғыны Абилов Шерхан Абдиұлы Ленинград блокадасына арналған кітаптарды ұсынды. Көптеген қызықты әдебиеттерді кітапхана оқырманы және «Мастерица» клубының мүшесі Ирина Фежоровна Дюрягина табыстады.

Өз кітаптарына жаңа өмір сыйлаған біздің кішкентай оқырмандарымыз да шетте қалмады. Биыл Акция 14 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді.

Акцияға қатысыңыз! Кітап сыйлаңыз!