«Кітап біздің досымыз» әдеби сағаты

Бүгін С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап біздің досымыз»әдеби сағаты өтті.

Іс-шараға №8 дарынды балаларға арналған лицей мектебінің бесінші сынып оқушылары қатысты. С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері кітап туындыларының мәдени құндылығы мен оқудың маңыздылығы туралы айтып берді.

№35 мектептің «Айналайын» театры, Астана қаласындағы «Жұлдызды бала» халықаралық байқауының Гран-при иегері, «Өнер болашақ» облыстық байқауының бас жүлдесі, «Ғажайып әлем театры» халықаралық фестивальдің қалалық кезеңінің 1-орын иегері Уразкенова Сақыпжамал Қабдрашқызының жетекшілігімен заманауи өмір кітабының рөлі туралы спектакль көрсетті.

Жас актерлер жазушы Азамат Әбілқайыровтың «Ренжіскен кітап пен адамды смартфон қалай татуластырды» пьесасында ойнады.