«Кітап - сарқылмас рухани қазына» атты тақырыптық кеш

13 қараша күні облыстық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде Ы.Алтынсарин атындағы гимназия - интернатының 7-ші сынып оқушыларына арнап «Кітап - сарқылмас рухани қазына» атты тақырыптық кеш өтті.

Кешіміз «Бір ел - бір кітап» атты жыл сайын өтетін акция туралы айтылып басталды. Осы жылы барша Қазақстан болып Ә.Кекілбаев пен Ә. Тәжібаевтың кітаптары таңдалып алынды. Кітапхана қызметкерлері кітаптарға шолуын жасап, 7-ші сынып оқушысы Гүлназ Ғанибатқызы Ә. Тәжібаевтың өлеңін оқыды. 2019 жылы аталып өтілген мерейтой иелері олардың қатарында М.Жаманбалинов, Абай, Б.Майлин, С.Сейфуллин және Б.Соқпақбаев сынды жазушылар жайлы айтылды. Оқушылар М.Жұмабаевтың, С.Торайғыровтың, М.Көпеевтың өлеңдерін оқып, «Біздердің өшпес мұрамыз: Қазақстан жазушыларының - мерейтой иелері» атты кітап көрмесімен танысты.