«Кітапхана түні – 2022» әлеуметтік-мәдени акциясы

27 қазан күніоқуды насихаттау, жаңа оқырмандарды тарту және бос уақытты өткізудің жаңа форматтарын ұйымдастыру мақсатында «Кітапхана түні  - 2022» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті.

Шараны Торайғыров университеті «Soltustik» лигасының КВН командасы ашты.

Кітапханада 3 алаң жұмыс істеді, олар: «Этно-қалашық»; «Kitapрarty»; «Арт-среда Во!круг...». Бұл алаңдарда  «Шығыс базары» сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, «Оқы❤like» әдеби батлы, «Вояж» театр студиясының капустнигі, арт-терапия, ағаш ою, ұлттық әшекейлер жасау, твистинг бойынша шеберлік сыныптары болды. Сонымен қатар асық және тоғызқұмалақ ұлттық ойындары, үстел ойындары мен шахмат турнирлері, «Умники и умницы» викторинасы, «Книжное закулисье» кітаптардың негізгі кітап қоймасына экскурсиялар жасалды.  

Келушілер «Өзіңді анықта» психотренингке қатысып, мак-терапевтің кеңестерін алды. Жастар «My dance» студиясында өз өнерлерін көрсетті. Онда  «Өткеннің, бүгіннің және болашақтың неформалды жастары» дефилесі, Ethno-Party «Бірлігіміз жарасқан!», әдеби косплей, «Space Race» шығармашылық зертханасы (ғарыштық жарыс), поэзиялық подиум, тәтті жәрмеңке ұйымдастырылды.

«Кітапхана түні» «Ең үздік оқитын отбасы» және әдеби косплей  байқауларының жеңімпаздарын, викториналардың белсенді қатысушыларын, акция еріктілерін марапаттады. Акцияға 500-ден аса адам қатысты.