Кітапханадағы Студенттер күні

15 қараша күні Халықаралық студенттер күні қарсаңында Облыстық кітапханада ойын-сауық – зияткерлік кеш ұйымдастырылды.

Іс-шара бағдарламасының барысында әр жылдардағы студенттердің кездесуі өтті. Аға буын өкілдері атынан Айбек Оралхан, Жарқынбек Амантайұлы және Александр Вервекин ұсынылды. Олар қаламыздағы жоғарғы оқу орындарының түлектері. Қазіргі таңда облысымыздан тыс жерлерге танымал ақын-журналисттер. Аға буын мен жас буын студенттерінің кездесуі қызықты және танымды өтті.

Әдеби караоке ешкімді бей-жай қалдырмады. Ниет білдірушілер, музыканың сүйемелдеумен қазақ және орыс классиктерінің өлеңдерін оқыды. Балалар өлең ырғағымен, ақындық сөздердің сұлулығы мен атмосферасына енді. Сонымен қатар, әдеби викторина өткізілді. Викторинаның барлық қатысушылары сыйлықтармен марапатталды.

Әдеби караоке және викторина би кешімен аяқталды.