«Кітапханалар жаңа уақыт үрдесінде» республикалық онлайн – кездесуі

27 шілдеде ZOOM платформасында С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың 125 жылдық мерейтой аясында кәсіби кездесулердің кезекті «Кітапханалар жаңа уақыт үрдесінде» атты онлайн - отырысы өтті. Бұл кездесуге Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кітапханалары қатысты. Конференция басында С.Торайғыров атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы Ш.Б.Шахметова кітапхананың тарихы мен жетістіктері жайлы «Оқырман және кітапхана – 125 жыл бірге» баяндамасында айтып берді.

«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба. Облыстық кітапхананың «Адалдық алаңында» осы бағытта көп жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Өнеге сабақтары – парасаттылыққа жол» атты тақырыпта облыстық кітапхананың Мәшһүр Жүсіп орталық мешітімен, бірігіп жасап жатқан жобасы жайлы айтылды.

Биылғы жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу белсенділігін арттыру, оның мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау болып отыр. Бұл жұмысты жүзеге асыру бағытында кітапханалар жобалар, үйірмелер, байқаулар, кештер және басқа іс-шараларды іске асырылып отыр. Осыған орай С.Торайғыров атындағы ОӘҒК «Павлодар балаларға кітап оқиды» онлайн-жобасы виртуалды кеңестікте үлкен резонансқа ие болып, үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, ұлттық, отбасылық тәрбиені насихаттау барысында ене мен келін сыйластығы жайлы айтылатын «Отбасы ұйытқысы – ене мен келін» жобасы жұртшылыққа кеңінен танымал. Кітапхана қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерге өз ұсыныстарын айтты.

С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Н.Калдина кітапхананың «Даналық дефилесі» шығармашылық жобасымен таныстырды. Бұл жоба ерекше бір қызығушылық танытты. Кітапханашылар көркем шығармалардағы образдарды дефиле арқылы насихаттау мақсатын көздеуде. Өздерін сол образдарға ұқсатып, кітап оқуға қызығушылық танытуда. «Тарих естелігі – ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жайлы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық – сервистік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі А.Қ.Салиева толықтай айтып берді.

Сирек кітаптарға арналған «Раритеттік басылымдар-кітапхананың рухани байлығы» атты жобаны Шығыс Қазақстан Ж.Молдағалиева атындағы ОӘҒК сирек кітаптар жайлы депозитарлық сақтау секторының басшысы Н.А.Фирульская таныстырды. Осы айтулы кітапхананың өлкетану бөлімі басшысы С.С.Иргалиева «Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың цифрлық кеңестіктегіндегі өлкетану ресурстары» қалай қалыптасуда, сол жайлы бейнеролик пен фотографиялар көрсетілді. Бұл тақырыптың жалғасы ретінде «Кітапхананың сандық кеңістігіндегі өлкетанулық ресурстар» жайлы Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі А.С.Мұқашева таныстырды.

Бұл онлайн-кездесу кітапханалар арасында өзара пікірталасулар, тәжірибелер алмасу алаңына айналды. Конференция өте қызықты да, жоғары деңгейде өтті.