«Кітапханалық панорама – 2020» атты семинар-кеңес

2021 жылдың 26 наурызында сағат 10-00-де С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы С.Б. Бегалинова мен бас маман Ш.Мұхамеджанованың қатысуымен 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Кітапханалық панорама – 2020» атты семинар-кеңес өтті.

Семинар барысында 2020 жылдың есептік кезеңіндегі облыс кітапханаларының жетістіктері мен мәселелері талқылананды, «Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы» аясында балалармен жұмыс істеу жөніндегі кітапханалардың жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды, «Парасат жолы» жобасын іске асыру аясында Аққулы ауданының ОКЖ-ң жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі және Ақтоғай ауданының және Ақсу қаласының ОКЖ-ң ауылдық кітапханаларды коммуникациялар орталықтарына қайта форматтау жөніндегі тәжірибесі жарияланды.

Кітапхана мамандарына кітапханаға балалар мен жасөспірімдерді тарту, жұмыс сапасын жақсарту барысында әдістемелік ұсыныстар берілді. Көп кітапханалар бүгінгі таңда даму сатысының жаңа кезеңінде. Келешекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылыдығы, Балалар және жасөспірімдердің оқуын қолдау жылы, «Парасат жолы» орталықтары мен бұрыштарының жұмыстары, «Бір ел – бір кітап» акция шеңберінде 30 кітапты жұртшылықты оқуға және таныстыруға тарту шеңберінде маңызды іс-шараларды өткізіп, жұмысты жандандыру жоспары тұр. Ертеңгі күн туралы ойлана отырып, біз бүгінгі жасөспірімдердің оқу мәдениетін жоғарылатуымыз керек. Облыс кітапханалары осы жылды жоғары деңгейде өткізуге атсалысуда.