Кітапханамен танысу

4 наурызда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалдарының өкілдері келді. Атырау, Маңғыстау және Алматы қалаларынан келген қонақтар үшін кітапханада экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында қонақтар аймақтың бас кітапханасының тарихымен және күнделікті өмірімен танысты. Меймандар сирек кітаптар қорын, цифрландыру орталығын, Жанашыр орталығын, кітапхана мұражайын, Қазақстан Жазушылар залың аралап, жақсы әсер алды.