«Кітапхананың қонақтары» атты кітапхана бойынша экскурсия

20 сәуірде Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Кітапхана қонақтары» атты кітапхана бойынша экскурсия өтті.

Кітаптарға қонаққа келген қаламыздағы Музыкалық мектеп-интернаттың 4-сынып оқушылары «Білімпаз» аймағының кітаптарымен, мерзімді басылымдарымен, әмбебап және салалық энциклопедияларымен танысты, «Балдырған» аймағында қолдан жасалған бұйымдар мен аппликацияларды жасаудың құпияларын білді. «Өркен» аймағында қазақ ұлттық ойындары «Асық», «Тоғыз құмалақ» туралы әңгіме жүргізілді. Балалар «It-Bala» компьютерлік сыныбында «Кітапханада сабаққа дайындаламыз» жобасы аясында үй тапсырмаларына және түрлі жобаларды орындауға дайындалуға болатынын білді.

Экскурсия соңында оқушылар кітапханаға қалай жазылуға және кітаптарды үйге алуға болатындығы жайлы кеңес алды.