Кітапханашы күні құтты болсын!

Күні кеше, Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің кәсіби мерекелері тізбесіне Кітапханашы күнін тиісті қаулымен бекіткен болатын.

Соның нәтижесінде 24 қазан - кітапхана саласының мамандары үшін кәсіби мереке болып бекітілді. Бұл тек кітапханашылардың ғана емес, барша кітапсүйер оқырманның мерекесі десек те болады.

Құрметті әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, зор денсаулық, мол бақыт, бақ-береке, шығармашылық табыс тілейміз. Сіздің кітапханада кітапты жанымен сүйетін, бағалай білетін оқырмандар көп болуына тілектестік білдіреміз!