Кітапхана - «ZhaSTAR» - спорт

20 маусым күні облыстық кітапханада «ZhaSTAR» қазақстандық-ресейлік жобасын іске асыру аясында 5-ші кездесуі өтті. Кездесуге спорттың әр түрі бойынша биік шындарды бағындырған павлодарлық жас спортшылар қатысты. Өздерінің спортта жеткен жетістіктері мен қиындықтары, жеңістері туралы  кикбоксинг бойынша спорт шебері, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогының күміс жүлдегері Шара Хамзина; батуттық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Олег Сапешко; спорттық акробатика бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері, Буэнос-Айрес қаласында (Аргентина) өткен ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасының финалисті, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы (Швейцария, Португалия, Бельгия, Болгария) Архипова Анастасия; муай тай бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі Кульбизекова Альбина; Шахмат жеке тұлғаның дамуына қалай әсер ететіні туралы "Болашақ миллионерлер" шахмат Академиясының оқытушысы Әділет Жаншуков айтып берді. экстремалды спорт түрінің өкілі, бэймиксер (bmx) Ильдар Закиров. көрермендерге әңгімелеп берді.