«КНИЖКИН ДОМ» КІТАПХАНАЛЫҚ САБАҒЫ

28 қыркүйек күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде №15 жалпы орта білім беру мектебінің 1 сынып оқушыларына арналған «Книжкин дом» кітапханалық сабағы болып өтті. Сабақтың басында балаларға экскурсия жүргізіліп, кітапхананың кітап қорымен танысқан болса, артынша «Угадай героев книг» атты викторина және «О пользе чтения» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Балалар шығармашылығы секторында бірінші сынып оқушыларына арнап ¬¬ күзгі жапырақтардан аппликация жасау бойынша «Осеннее дерево» шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар кітапханадағы уақытын қызықты әрі танымды өткізді.