«100 жаңа оқулық» кітап көрмесі

23 қыркүйек күні облыстық кітапханада «KitapTime - 2022» жалпыреспубликалық фестивалі аясында «100 жаңа оқулық» кітап көрмесінің ашылу рәсімі өткізілді.

Көрмеге қазақ және орыс тілдеріндегі әр түрлі сала бойынша оқу құралдар іріктеліп қойылды. Бұл студенттердің жиі сұранысындағы басылымдар. Аталған көрмені серіктесіміз Павлодар педагогикалық университеті ұйымдастырды.

Көрмеге Павлодар педагогикалық университеті өнер және спорт жоғары мектебінің 1 курс студенттері қатысты.