«Халық поэзиясының алыбы» атты кітап көрмесі

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың оқу залында ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Халық поэзиясының алабы» атты кітап көрмесі ұйымдасытырылды. Көрмеге  Жамбыл Жабаевтың екі томдық шығармалар жинағы, «Ел қадірін біл, балам», «Туған елім», «Өлеңдер, айтыстар, дастандар», «Ленинградцы, дети мой!» және т.б. кітаптары, өмірі мен шығармашылығы, Отанға деген сүйіспеншілікке толы шығармалары туралы материалдар:  Бегалин С. «Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят», Ысмайылов Е. «Жамбыл және халық ақындары», Жолдасбеков М. «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Жамбыл – менің жай атым...», «Жамбыл. Энциклопедия» қойылды.

Ж.Жабаев қазақ халқы поэтикалық өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты, бүкіл өмірін жалпыадамзаттық құндылықтар мен жақсылықты, әділеттілікті дәріптеуге және патриотизмді тәрбиелеуге арнады.

Кітап көрмесі 2021 жылдың желтоқсан айына дейін жұмыс жасайды.

Құрметті оқырмандар, ақын, жыршы, ауыз әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығымен  танысуға кітапханаға шақырамыз!