«Жүсіпбек Аймауытов мұрасы» кітап көрмесі

11 маусым күні Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыкалы драма театрында Ж.Аймауытовтың романы бойынша «Ақбілек» моноспектаклі өтті. Режиссері Г.Омарова. Жүсіпбек Аймауытов қазақ драмасының негізін қалаушы жазушы, ағартушы ғалым, педагог және психолог.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Жүсіпбек Аймауытов мұрасы» атты кітап көрмесін дайындады.Көрмеде 100-ге жуық кітаптар ұсынылды. Бірінші бөлімінде жазушының «Ақбілек», «Қартқожа» романдары орналастырылды. Екінші бөлім «Алаш» қозғалысының қатысушысы ретінде Ж.Аймауытовтың еңбек жолына арналды. Үшінші бөлім жазушының шығармашылығына арналған әдеби материалдармен толықтырылды.

Кітап көрмесі спектакльге келген көрермендер арасында үлкен қызығушылықты тудырды.