«КНИЖНОЕ ДЕРЕВО МОЕЙ СЕМЬИ» ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

5 қазан күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде балалардың кітап оқуын отбасының барлық мүшелерін кірістіру арқылы дамытуға бағытталған «Книжное дерево моей семьи» жобалар байқауының қорытындысын жариялау өтті. Конкурста көптеген қызықты шығармашылық жұмыстар ұсынылды.

Олар келесідей номинациялармен марапатталды: «Семейная творческая работа», «Читающая династия», «Самые преданные читатели» и «Семейная реликвия – книга». Конкурс жеңімпаздары: 1 орын – Фарат Карина (СОШ№43, 5 «Г» кл), 2 орын – Зайыркелді Айғаным (СОШ№19, мини-центр), 3 орын – Абайдуллина Милана (СОШ№39, 2 «В» кл.). Шараның соңында балалар «Бисквит» кофейнясы ұсынған тәттілерден дәм тата шай ішті.