«Қазақстан тәуелсіздігінің тұжырымдамалық негіздері»

Облыстық кітапханада Zoom платформасында «Қазақстан Тәуелсіздігінің тұжырымдамалық негіздері» тақырыбы талқыланды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы Қажыбаева Ж.К. және кітапханашы Баешева М.М. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің төрт тұжырымдамалық негізіне тоқталып, ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын түсіндірді. Іс-шараға «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты»-ның оқытушылыры мен оқушылары, Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің студенттері қатысты.