«Струна, звучащая стихами» атты бард өлеңдерінің концерті

Сәуірдің 23-і күні кеште «Оқитын Павлодар» атты кітап фестивалі аясында «Струна, звучащая стихами» бард өлеңдерінің концерті өтті.

Геологтар мен полярлық зерттеушілер арасында дүниеге келген бард әні қалалық романтиктердің жүрегін жаулап алды. Гитараны алып, дәл қазір сізді не мазалайтыны туралы ән айту оңай сияқты. Қаламызда да бұл жанрдың жанкүйерлері көп.

Кеш бойы кітапхананың достары Константин Симонов, Александр Казаков, Елена Романовская, Людмила Бевз қонақтарға сүйікті әндерін орындады.