«Елорда - арман қала!» суреттер байқауы

Астана күніне орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының ерекше қажеттіліктері бар оқырмандарға арналған «Жанашыр» орталығында «Елорда - арман қала!» атты суреттер байқауы өтті. Іс-шараға «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілері белсенді қатысты.

Балалар елордамыздың көрнекті жерлерін суретке салып, туған еліне құрмет пен сүйеспеншілігін білдірді. Байқаудың барлық қатысушылары облыстық кітапхана атынан алғыс хаттармен марапатталды.