Көркем аудармалар байқауы

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жазушы, ақын, журналист Сүлеймен Баязитовтың шығармашылығын насихаттау және жеке тұлғасына назар аудару мақсатымен 2022 жылдың 13 қыркүйегі мен 2022 жылдың 13 қарашасы аралығында көркем аудармалар байқауын жариялайды.

Байқауға Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалы және «Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қолдау көрсетеді.

Көркем байқауды өткізу тәртібін және шарттарын анықтайтын Ережесімен сілтеме бойынша танысуға болады:

http://pavlodarlibrary.kz/events/akcziyalar/konkurs-xudozhestvennyix-perevodov