«ZhaSTAR» жобасының қорытынды кездесуі

26 желтоқсан күні Жаңа жыл қарсаңында кітапханамызда «ZhaSTAR» қазақстандық-ресейлік жобасының қорытынды кездесуі өтті. Жыл бойы айына бір рет, кешкі уақытта жетістіктерге жеткен жас мамандардың құрдастарымен кездесулері ұйымдастырылды. Қорытынды кездесуге жобаның алдыңғы шараларына қатысқан ақындар, музыканттар, бишілер, театр актерлері, спортшылар, кәсіпкерлер, суретшілер және қоғам белсенділері жиналды.

Келушілер іскерлік ойындар ойнап, әдеби кафеде тілдесті, бірлесіп фотоға түсті. Жоба қатысушыларына Алғыс хаттар табысталды. Кездесуге қатысу үшін Карасук кітапханалар жүйесінің бөлім меңгерушісі Нина Панасенко арнайы келді.